«Тәуелсіздік құрдастары» жобасы басталды

Теректі аудандық білім беру бөлімінің қолдауымен, Балалар шығармашылық үйінің «Жас тілші» үйірмесінің ұйымдастырумен ҚР Тәуелдігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік құрдастары» жобасының тұсауы кесілді.

 

 

«Тәуелсіздік құрдастары» жобасы басталды

Теректі аудандық білім беру бөлімінің қолдауымен, Балалар шығармашылық үйінің «Жас тілші» үйірмесінің ұйымдастырумен ҚР Тәуелдігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік құрдастары» жобасының тұсауы кесілді.

Бағдарламаның алғашқы қонағы – "AQJAIYQ" телеарнасының дикторы, облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Біржан Кухаев болды.

Біржан Амангелдіұлына туған жері, мектеп қабырғасындағы қызықтар, мамандығы, дикторлыққа қалай келгендігі турасында сауалдар қойылды.

Сонымен қатар Біржан Кухаев Ж.Молдағалиевтің 100 жылдығына орай "AQJAIYQ" телеарнасы түсірген фильм, облыстық қоғамдық кеңесінің жұмысы жайында әңгіме өрбітті.

«ТЕРЕКТІ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІ» фейсбук парақшасымен тікелей эфир арқылы жолданған сұрақтар мен тілектер де ескерусіз қалмады.

Жоба барысында өзінің шығармашылығынан, Қадыр Мырза Әлінің Жұбан ақынға арнаған өлеңін де нақышына келтіріп, мәнерлеп оқыды.

Айта кеткен жөн, Біржан Амангелдіұлы 1991 жылы 15 сәуірде Ақжайық ауданы, Бударин ауылына қарасты Коловертной елдімекенінде қарапайым отбасында дүниеге келген. Жеті баланың кенжесі. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болуды армандаған жоба қонағы Сайын Мұратбеков, Дулат Исабеков, Төлен Әбдіковтың шығармаларын сүйіп оқитындығын тілге тиек етті. Драмматургия бағытында да жоба кейіпкерінің тырнақалды туындылары бар. Алғашқы туындысы «Кетпеші Күләнда» шығармасы театр сыншылары тарапынан жақсы деген баға алыпты. Шығармашылық бағытта «Шахмат» моноспектаклді бастаған.

Біржан әңгіме барысында «Жайық таңы», «Теректі жаңалығы», «Сырым елі» газеттерінің және «Жұлдыз» журналының тұрақты оқырманы екендігін де айтып қалды. Облыс бейнесінің Теректі аудандық газетін парақтайтыны әрине,зор мәртебе.

Бағдарлама соңында қонаққа Теректі аудандық білім беру бөлімінің басшысы Жанаргүл Хусаинованың атынан алғыс хат және естелік сыйлық табыс етілді.