2018 жылдың қаңтар айында Подстепное ауылдық округінде «Жемқорлықпен күрес – маңызды мәселе» атты кездесу өтті. Шараның басты мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Кездесуге Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Р.Б.Қуанышқалиев қатысып, қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың және оны көтерудің, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алудың маңыздылығы жөнінде түсіндірді.

Кездесу кезінде қатысушылардың сұрақтарына нақты жауаптар берілді.