15.11.2018

Аудандық орталықтандырылған кітапханада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ішкі саясат бөлімі және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың ұйымдастыруымен алғаш рет «Қазақстан бүгін және болашақта» тақырыбында пікірсайыс ойыны өтті. 

Мемлекеттік қызметшілер мен белсенді жас мамандардың басын қосып, американдық парламенттік форматта өткен турнирге 6 команда қатысты (12 спикер).

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндамада көрсетілген өзекті мәселелер талқыланған пікірсайыста «Ақиқат» фракциясы жеңіске жетті (құрамында - аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Ернұр Жасұланов және Долин ауылдық округінің бас маманы Бақтыгүл Рахматуллина). ІІ орын «Адал жол» командасына (аудан әкімі аппаратының бас инспекторы Бибігүл Ақташева мен бас маманы Айбек Гайнуллин) бұйырды. ІІІ орынды «Бірлік» фракциясы (Федоров ауылдық округі әкімінің көмекшісі Қайрат Жұмақаев және Ақжайық ауылдық округінің жетекші маманы Қырмызы Базарбаева) алды. 

Ойынның «Үздік спикері» атағын аудан әкімі аппаратының бас маманы Айбек Гайнуллин иемденді.

#Дебат_Среди_госслужащих_2018 #Мемлекеттік_қызметшілер_арасында_пікір_сайыс #БҚО #ЗКО