✨Құрметті Теректі ауданының жастары! ✨
?Сіздерді Халықаралық жастар күніне орай өткізілетін "5 сайыс" атты спорттық жарысқа қатысуға шақырамыз(14-29жас аралығы) ?
?Асық ату("бес табан"-жігіттер,"бес асық"- қыздар арасында) ?
?Қол күрес(жігіттер арасында,қыздар арасында) ?
?Арқан тарту(жігіттер арасында,қыздар арасында.Топта-3 адам) ?‍♂️
?Дартс(жігіттер арасында,қыздар арасында) ?
?Гір көтеру-16кг(жігіттер арасында) ?️‍♂️
?Street workout(жігіттер арасында) ?
?Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады ?
?Жарыстың өтетін орны: Дене шынықтыру-сауықтыру кешені(ФОК) ?
?Жарысқа қатысу және қосымша ақпарат алу үшін:87473851996 ?;21918 ☎️

В жизни каждого  человека случаются ситуации, в которых необходимо получить юридическую помощь. Всем известно, услуги юриста и адвоката относятся к категории недешевых. Зачастую, граждане даже со средним достатком не имеют доступа к правосудию, а говорить уже о малоимущем слое населения и не приходится. Мы не откажем в защите данному слою населения (в том числе ветеранам, пенсионерам, инвалидам) по сложным, запутанным или специфическим делам, положительный опыт решения которых имеется в нашей практике. Обратившись в юридическую компанию «MEDIATOR KZ», заявитель сможет получить широкий спектр услуг в сфере гражданского, земельного, жилищного, семейного, трудового, интеллектуального, административного и уголовного права, не беспокоя государственные органы для решения своих проблем.

По  многочисленным просьбам граждан, юридическая компания «MEDIATOR KZ» приняла решение о возобновлении Республиканской акции «Бесплатные юридические консультации. Правовая грамотность» с 09 июля 2018 по 09 июля 2019 года.                                     

Прием на бесплатную юридическую консультацию проводится по предварительной записи по телефонам: 8 776 702 89 89, 8 701 870 98 89, либо есть возможность оставить сообщение о проблеме на сайте компании: www.pomogvsem.kz.

Юристы компании выезжают по городам, согласно предварительной записи, с приглашением записавшихся на дату, время и место проведения встречи.

«Теректі ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ-сі 2018 жылдың 25-ші қазанда медиация институтын дамыту, қоғамдық медиаторлардың жұмыстарын арттыру, мадақтау және ынталандыру мақсатында БҚО аппарат әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен қоғамдық медиаторлар арасында «Үздік медиатор» және «Үздік медиация кабинеті» атты байқау өтетінін хабарлайды.

Жүктеу - Ереже (қазақша)

Скачать - Положение (русский)

 

Теректі жастар орталығы «Іс үшін - за дело» жастар қоғамдық бірлестігі Астана қаласының 20 жылдығы аясында «Үздік жас отбасы» аудандық байқауын ұйымдастырады. Байқауға 20-29 жас аралығындағы жас отбасы қатыса алады.
 Бас жүлде – кір жуғыш машина;
 I жүлделі орын – теледидар;
ІІ жүлделі орын – қысқа толқынды пеш;
 III жүлделі орын – шаңсорғыш және арнайы номинациялар. 
 Байқау 2018 жылдың 5 шілдесінде, Федоровка ауылы, Мәдениет үйінде сағат 16.00 -де өтеді.
 ️Байқау шартымен танысу үшін: 87059880013; 87473107517; 23058

 

2018 жылғы 13 маусым күні сағат 15.00-де ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаевтың халық алдындағы есептік кездесуі өтеді.

Құрметті аудан тұрғындары!

Теректі ауданы әкімдігі «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық этапы 2018 жылы 30 сәуірде өтетіндігін хабарлайды.

«Мерейлі отбасы» ұлттық  конкурсы  өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

Конкурсты өткізудің мақсаттары:

1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану; 

2) ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 23-бабы 2-тармағы 2) тармақшасына сәйкес жұмыс беруші жұмысқа қабылдау кезінде Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда жұмыскерлермен еңбек шарттарын жасасуға міндетті.

Егер жұмыс беруші Сізді жұмысқа алып, бірақ Сізбен еңбек шартын жасаспаса, осындай еңбегіңіз іс жүзінде заңсыз болып табылады және соның салдарынан төмендегідей проблемалар туындауы мүмкін:

Жұмыс берушінің жұмыскерлермен еңбек шартын жасау кезіндегі міндеттері.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағына сәйкес жұмыс беруші:

  • Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінде белгіленген тәртіппен және жағдайларда жұмыскерлермен еңбек шарттарын жасасуға;
  • жұмыскерге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде көзделген жалақы мен өзге де төлемдерді уақтылы және толық мөлшерде төлеуге міндетті.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда «Еңбек шартын жасаңыз» атты республикалық акция басталғаны туралы жариялады.

Аталмыш акцияның міндеттері:

- 2018 жылғы 15 қаңтардан бастап «Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларының» (бұдан әрі – Қағидалар) жеңілдітілген нұсқасын реттейтін ҚР Дін істері дәне азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 175 бұйрығы күшіне енді.

- 2017 жылғы 1 наурыздан бастап «ҮЕҰ дерекқоры» ақпараттық ресурсы жұмысын бастады (infonpo.kz);

- ҮЕҰ infonpo.kz арқылы өз қызметі туралы мәліметтерді ҮЕҰ дерекқорына бере алады;

- ҮЕҰ мәліметтер базасына мәліметтерді электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен infonpo.kz веб-порталы арқылы электронды түрде беруге болады;

- ҮЕҰ дерекқорына мәліметтер пошта немесе қолма-қол қағаз және электронды түрде (Word форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) 010000, Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті мекен-жайына берілуі мүмкін;

- үкіметтік емес ұйымдарды 2018 ж. 31 наурызға дейін ҮЕҰ дерекқорына 2017 жылғы қызметі туралы мәліметтерді infonpo.kz ақпараттық ресурсы арқылы тапсыруға шақырамыз;

- ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген және 2018 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес, ҮЕҰ дерекқорына тіркелу мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында әлеуметтік бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтік жобаларды, мемлекеттік гранттарды іске асыруға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.

- 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 489-1-бабына сәйкес:

  1. Коммерциялық емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдар филиалдары мен өкiлдiктерiнің (оқшауланған бөлiмшелерiнің) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға өз қызметі туралы, оның ішінде өзінің құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаның қалыптасу көздері және жұмсалу бағыттары туралы мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы – ескерту жасауға алып келеді.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не үш ай мерзімге қызметін тоқтата тұруға алып келеді.

Құрметті, аудан тұрғындары!

“АШЫҚ ӘКІМДІК” АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

Аудан әкімі және бөлім басшылары аудан тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелер бойынша бірыңғай қабылдау күнін өткізеді.

Өтетін уақыты: 5 ақпан- сағат 10:00
Өтетін орны: Федоровка ауылы, Достық үй