Теректі ауданында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 05 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын жүзеге асыру мақсатында аудандық 68 адамнан тұратын 8 ақпараттық-насихаттау топ құрылды.  Топтар құрамына аудандық мәслихат депутаттары, округ әкімдері, бөлім, мекеме  басшылары, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері, қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары, аудандық қоғамдық кеңесінің мүшелері енгізілді.