12.10.2018 ж.

2018 жылдың 12 қазаны күні Теректі ауданында қарасты Долин ауылында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Тақсай ханшайымының кесенесі ашылды.

05.10.2018 ж.

2018 жылдың 05 қазан күні Теректі аудандық Мәдениет үйінде жазушы Х.Есенжановтың 110 жылдығына орай «Туған жерге тағзым» атты жерлестер форумы өтті.

05.10.2018 ж.

Бұл сыйлықты табыстаудың басты мақсаты – бизнес – құрылым өкілдерін, меценаттарды, үкіметтік емес ұйымдар мен еріктілерді ынталандыру, қайырымдылық, мейірбандылық секілді қасиеттерді насихаттау болып табылады. Ел мүддесін биік қояр азаматтарды аудан әкімінің міндетін атқарушы Алтай Тоқжанов құттықтап, алғыс білдірді.

26 қыркүйек күні аудандық Мәдениет үйі алаңында қазақтың атақты жырауы, Теректі ауданының тумасы, жасынан өлең-жырға құмар болып, ақындық, жырау өнеріне машықтанған, атақты Шернияз ақыннан үлгі алған, Жұмырбай, Көкейқыз, Базар, Қашаған, Сүгір ақындармен айтысқан, эпостық шығармаларды кең насихаттаушылардың бірі - Марабай Құлжабайұлының туғанына 177 жыл толуына орай мүсін ашылды.

2017 жылы Ақсоғым ауылында Ақсоғым жалпы орта білім беретін мектебінің 1997 жылы бітірген түлегі Кенжалиев Ербол Ислямғалиұлы мектеп бітіргеніне 20 жыл толуына байланысты өз қаражатына 400 000 теңге көлемінде «Менің жүрегім Ақсоғым» атты жарықдиотты композицияны орнатты.

2018 жылдың қыркүйек айында Теректі ауданының Приречное ауылындағы балалар алаңын абаттандыру жұмыстары аяқталды. Демеуші – жеке кәсіпкер Бисенов Мурат Сатанұлы. 400 000 теңгеге меценат жаңа сырғанақ, әткеншектер, карусельдер орнатып, қоршауды сырлап, белгіні жаңартты.

 

28.08.2018 г.

28 августа  в селе Подстепное, в рамках программы «Рухани жангыру», в целях развития малого и среднего бизнеса, объединения интеллектуальных ресурсов, улучшения качества жизни сельчан, в торжественной обстановке в местной модельной библиотеке открылся коворкинг-центр «Жигер».

15.08.2018 ж.

Ақжайық өңірінің мақтанышы, жазушы Хамза Есенжановтың 110 жылдығына орай ауданда өткізіліп жатқан шаралар легі толастар емес.

Соның бірі – аудан әкімінің орынбасары Алтай Тоқжановтың қолдауымен қолға алынған «Менің өлкем – Ақжайығым» спорттық-танымдық велошеруі. Атақты жерлесіміздің аяқ ізі қалған жерлермен жүріп өтіп, жол бойы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын, Хамзаның халық қазынасына айналған әдеби мұрасын насихаттауды мақсат тұтқан топтын құрамында мемлекеттік қызметкерлер, педагогтар бар.

01.08.2018 ж.

Ағымдағы жылдың 1 тамызы күні Подстепный ауылындағы «Ұлы дала» саябағында белгілі жазушы, «Ақжайық» романының авторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жерлесіміз Хамза Есенжановтың мүсіні ашылды.

24.07.2018 ж.

24 шілде күні аудандық Достық үйінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Бірлік» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен алғаш рет «Ақ бата» атты сайыс өтті.

23.07.2018 ж.

23 шілде күні Ақжайық ауылдық мәдениет үйі ұжымының ұйыдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұмыт болып бара жатырған ұлттық салт-дәстүрлері жаңғырту, ерте кездегі қонақжайлықты және іскерлікті көрсету, әжелеріміздің бұрынғы уақыттарда дайындаған – бидайды қуыру, талқан жасау, тары түю әдістерін жас ұрпаққа түсіндіру және үйрету мақсатында «Қазағымның дастарханы - ай» әжелердің бас қосуы ұйымдастырылды.

13.07.2018 ж.

Көненің көзі болып сақталып келе жатқан мәдени-құндылықтарымыз, бенжергілікті елді мекендеген азаматтардың өмірдің түрлі саласында қол жеткізген жетістіктерін , жәдігерлерін көрсету, бір алаңға жинау, жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында Подстепное мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында Подстепное Мәдениет үйі алаңында «Мұражайлар үн қатады» тақырыбында ашық аспан астында экспонаттар көрмесі ұйымдастырылды.

13.07.2018 ж.

Елбасы Н.Назарбаев «Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады» деп, ұлттық өрлеу мен әлемдік өркениетті тұтастандыратын өзекті мәселені атап көрсетті. Әсіресе, Президентіміздің «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек» деген пікірі халық тарапынан кең қолдау тауып, ерекше ықыласын оятқаны анық.

11.07.2018 г.

11 июля в рамках программы «Рухани жаңғыру» и 20 летия Астаны общественным объединением «Белорусский этнокультурный центр «Сябры» совместно с районным Домом Дружбы провели районный фестиваль творчества народа Казахстана «Мәңгілік ел - бірлік пен татулық бастауы».

14.06.2018 ж.

Қазағымның "Төріңнен қарт кетпесін" деген ғибратты сөзін бас етіп, "Рухани жаңғыру" бағдарламасының шеңберінде Астанамыздың 20 - жылдығына орай ұйымдастырылып отырған бұл шарапатты істің шапағатын көріп отырған ардагерлеріміздің бүгілген беліне сүйеу болу,құрметтеу, сыйлау үлгісі.

06.06.2018 ж.

Ақсоғым ауылдық клубында 6 маусым күні Елбасы Н.НАЗАРБАЕВТІҢ "Болашаққа бағдар": "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Рухани қазына" кіші бағдарламасы аясында ұлттық ойындарды дəріптеу мақсатында, қазақ халқының ертеден қалыптасқан атадан- балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын- сауық түрлері туралы түсінік беру, мәдени құндылықтарымызды насихаттау, ұлттық ойынымызды жаңғырту мақсатында оңтүстік аймақ бойынша жастарға арналған ойын- сауықтық бағдарлама ұйымдастырылды. "Қазақтың ұлттық ойындары - халқымыздың мəдени асыл мұрасы" деп аталған аталмыш шараға Ақжайық, Шағатай, Сарыөмір көршілес елді мекендерден келген жастар қатысты.

25.05.2018 ж.

Аңқаты жалпы орта білім беретін мектебінде  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы, Атамекен кіші бағдарламасының аясында мектептің 1988 жылғы түлектерінің демеушілігімен мұражай ашылды. Мұражайдың ашылу салтанатына ардагер ұстаздар қатысып, өздерінің тілектерін арнады.

25.05.2018 ж.

25 мамыр күні Долин ауылындағы Чапаев орта мектебінде аудан әкімі К.К.Жакуповтың, «100 жаңа есім» женімпазы, «Қазақ инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті» ҒБК-нің  ректоры, облыстық мәслихаттың депутаты, А.С.Әйтімовпен, меценат С.Б.Еркебаевпен, Қазақстан Республикасының педагогикалық шеберлік орталығының директоры Ермек Қасымбековтың қатысуымен «Туған жер» бағдарламасы шеңберінде «Ауыл – рухани жаңғырудың кайнар бұлағы» атты конференция оздырылды.

25.05.2018 ж.

Долин ауылындағы Чапаев жалпы орта білім беретін мектебінде соңғы қоңырау лездемесі өтті. Мектепті биыл 11 түлек бітірді. Мейрамға Теректі ауданының әкімі Кәрім Кәрімоллаұлы Жақыпов, мектептің түлегі, меценат Сағидолла Батайұлы Еркебаев, «Қазақ инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті» ҒБК-нің ректоры, облыстық мәслихаттың депутаты, «100 жаңа есім» жобасы жеңімпазы  Ақсерік Сарыұлы Әйтімов, Қазақстан Республикасының педагогикалық шеберлік орталығының директоры Ермек Қасымбеков, ауданның Құрметті азаматы Александр Савран, облыстық білім басқармасының қызметкерлері, мектепті 50 жыл бұрын аяқтаған түлектері, тағы басқа қонақтар қатысты.

25.05.2018 ж.

Шағатай ауылдық округі Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББ мектебінің 2003 жылғы түлектері «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында мектеп бітірулеріне 15 жыл толуына орай ауылға заман талабына сай «Менің жүрегім Шағатай» атты естелік жазу сыйлады. Құны 300 000 теңге. Айналасы жарықтандырылған.