2020 жылы Теректі ауданындағы жастар саясатының жүргізілуі туралы

Теректі ауданында жастар саясатын жүргізуде жастар ресурстық орталығы, «Жас Отан» ЖҚ және «Іс үшін» ЖҚБ қызмет етеді.

2019 жылы қыркүйек айында жасалған жастар төлқұжаты бойынша 8160 жас болса, 2020 жылдың қыркүйек айында жасалған жаңа төлқұжат бойынша ауданымызда 7527 жас, оның 3489 әйелдер, 4038 ер адамдар.

Оқушылар саны 1631, студенттер саны 1230.

Жастардың жұмысқа орналасу бағыты бойынша атап өтетін болсақ: 2020 жылы Подстепное, Шаған және Ақжайық ауылдарында «Жасыл ел» еңбек жасағы жүзеге асырылып, 50 жас маусымдық жұмыспен қамтылды. 447 жас тұрақты жұмысқа орналасса, 150 жас жастар тәжірибесінен өтті, 19 жас «Бизнес бастау» жобасы аясында өз кәсіптерін ашты. 2021 жылы ауданымызда 350 жас жоғары және арнаулы оқу орындарын аяқтайды. Олармен «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі» бағдарламалары бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді.

2020 жылы жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтын насихаттау мен мемлекеттік бағдарламаларды дәріптеу мақсатында 56 шара өткізіліп, 898 жас қамтылды.

Барлығыңызға белгілі 2020 жыл ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтің жарлығымен «Волонтерлар жылы» болып белгіленді. Теректі ауданында 187 волонтер тіркелген. Карантин уақытында волонтерлар белсенді түрде жұмыс атқарды, 50 жуық мекен-жайлық көмек көрсетті, 186 отбасыға азық-түлік жеткізуге көмек көрсетті, 1000 дана бетпердені үй жағдайында дайындап, аудан халқына тегін таратты. Кәсіпкерлер алып берген 2000 дана бетперденіде аудан халқына волонтерлар таратқан болатын. Волонтерлар ақпараттандыру жұмыстарынада белсенді қатысады. Жол полиция қызметкерлерімен көлік жүргізушілеріне  карантин уақытындағы тәртіптер мен вирустың алдын алу бағытындағы ақпараттық парақтарды таратса, жас өспірімдер ісі жөніндегі қызметкермен зорлық-зомбылықтың алдын алу, «Ақжайық-адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен жол қауіпсіздігі мен сыбайлас жемқорлық туралы ақпараттық парақшалар таратты. Сонымен қатар аудан тұрғындарына карантин уақытында әлеуметтік көмек алуға өтініш жіберуге көмектесті.

Аудан волонтерлары  белсенді жұмыстары үшін  Елбасы Н.Назартаевтың, облыс әкімі мен аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.