2018 жылдың 8 қарашасы аудандық Достық үйінде "Әйел - отбасы діңгегі" атты дөңгелек үстел өтті.

Жиынға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Рүстем Мүтиев, "Әйел.Қоғам.Болашақ" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлмира Төлегенова, ауылдық округтердегі аналар кеңестерінің төрайымдары мен мекеме басшылары қатысты.

Шарада Гүлмира Тайманқызы ауданымыздағы әйелдердің құқығы мен мүддесін қорғау, саяси, қоғамдық, экономикалық, әлеуметтік және мәдени өміріндегі мәртебесін арттыру мақсатында құрылған бірлестіктің 1 жыл бойы атқарған жұмысынан есеп берді.

Еркін форматта өткен жиында қатысушылар отбасылық құндылық, бала тәрбиесі, ажырасу, мектеп қабырғасындағы жасөспірім қыздардың жүктілігі сынды қоғамның өзекті мәселелерін талқылап, шешу жолын қарастырды. 

Жиын соңында Рүстем Сейтонұлы мен Гүлмира Тайманқызы бірлестік жұмысының жандануына үлес қосқан қыз-келіншектерді марапаттап, алғыс айтты. Олардың қатарында Покатилов ауылдық округінің әкімі Лунара Сердалиева, Подстепный ауылындағы «Мерси» кафесінің қожайыны Майра Исенова, Подстепный ауылдық Мәдениет үйінің басшысы Айнұр Қуанышқалиева, «Алтын бесік» қазақ этномәдени орталығының төрайымы Ләйлә Қаражігітова, аудандық Достық үйінің әдіскері Нұргүл Теміралиева, аудан әкімдігі жанынан құрылған отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі комиссия хатшысы Айнұр Нұрышева және «Теректі жаңалығы – Теректинская новь» газетінің тілшісі Аягөз Айтқалиева болды.