2018 жылғы 14 қараша күні аудандық кітапханада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақала аясында алғаш рет жас мемлекеттік қызметшілер, белсенді жас мамандар арасында «Қазақстан бүгін және болашақта» тақырыбында Американдық парламенттік форматында аудандық пікір-сайыс ойындары өткізілді.

Ұйымдастырушылар: аудандық ішкі саясат бөлімі және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы. Пікір-сайыс раундтарының тақырыптары мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндамаларда көрсетілген өзекті мәселелер. Турнирге 6 команда қатысты, 12 спикер. Ойын нәтижесінде жеңіске «Ақиқат» фракциясы жетті – аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Жасұланов Ернұр Жасұланұлы және Долин ауылдық округінің бас маманы Рахматуллина Бақтыгүл Тельманқызы. 2 орынға «Адал жол» командасы иеленді – аудан әкімі аппаратының бас инспекторы Ақташева Бибігүл Арсенқызы және бас маманы Гайнуллин Айбек Жалғасбекұлы. 3 орынды «Бірлік» фракциясы алды – Федоровка ауылдық округі әкімінің көмекшісі Жұмақаев Қайрат Қазбекұлы және Ақжайық ауылдық округінің жетекші маманы Базарбаева Қырмызы Маратқызы. Ойынның «Үздік спикері» Гайнуллин Айбек Жалғасбекұлы атанды.

#Дебат_Среди_госслужащих_2018 #Мемлекеттік_қызметшілер_арасында_пікір_сайыс #БҚО #ЗКО