ҚР мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында бүгін ішкі саясат бөлімі қызметкерлерін бөлім басшысы Жанаргүл Хусаинова құттықтады.

1998 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер агенттігі құрылған болатын. Яғни, мемлекеттік қызмет органдарына биыл 20 жыл толып отыр.

Салтанатты жиын барысында бөлім қызметкерлері, атап айтсақ мемлекеттік қызметте 21 жыл тынбай жұмыс жасаған білікті һәм бас маман, есепші Гүлсара Сисенова, бөлімнің бас мамандары Айнұр Нурушева және Азамат Құспанов Алғыс хатпен марапатталды. Ел үшін аянбай еңбек етіп, адал қызмет жасағандары үшін бөлім басшысы Ж.Жеңісқызы бөлім мамандарына алғыс айтып, жұмыстарына табыс тіледі. Сонымен қатар, бөлім қызметкерлері де мерекеде тысқары қалмай, аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы Ж.Хусаиноваға Алғыс хат табыстады.

#Мемлекеттік_қызмет_органдарына_20жыл #Мемлекеттік_қызметшілер_күні #Мемлекеттік_қызмет_БҚО