29 маусым күні Подстепное ауылындағы Мәдениет үйінде Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының, «Іс үшін» жастар қоғамдық бірлестігінің, «Әйел.Қоғам.Болашақ» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Жалынды жастар – Ұлт рухы» атты аудандық жастар форумы өтті. Аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Нұрсәуле Аткеева ашты. Форумға жастар жетекшілері, аудан жастары, «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен жұмыс жасап жатқан жас мамандар, жас кәсіпкерлер, белсенді жастар жиналды.

Жалынды жастар алдында Теректі ауданы әкімінің орынбасары Алтай Тоқжанов сөйлеп, аудан тынысына жастық жігермен леп беріп жүрген теректіліктерге алғысын айтып, алдағы уақытта да осы қалыптан таймауды айтып, тілек білдірді. Бұдан соң Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысы Аян Сакошев сөйледі. «Жас Отан» жастар қанаты БҚО филиалы менеджері Зарина Ықсанова «Жетістікке жету – тынбай еңбектену» жөнінде айтты. «Uralsk Today» инстаграм парақшасының администраторы Сұлтан Ерғалиев «Әлеуметтік желілер» жөнінде баяндады. Жас ақын, кәсіпкер Дәурен Шамұратов «Шығармашыл жастарға» сөзі арнады. «Волонтер» Орал қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Оралбек Жандауов, Өз қоз,алыстары жайында мағлұмат берді. Өңірге танымал жас ақын, «Жас Отан» жастар қанатының аудандық филиалының төрағасы Әділет Орынбасаров «Ел ертеңі - жастар» деп, жалынды сөздер айтып, Ақжайыққа арнаған өлеңін оқып берді. Форум әрі қарай жастардың пікір-ой бөлісуімен жалғасып, түс қайта секциялық жұмыстарға жұмылды.