Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзі жариялаған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұсынысына қолдау көрсетіп, 2018 жылдың 12 маусымы күні №699 жарлығына сәйкес биылғы жылдан бастап, шілде айының бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні боп белгіленді.

Осы орайда Подстепное ауылдық округінің «Ұлы дала» дала саябағында «Домбыра party» ән, күй кеші өтті. Құрманғазының «Балбырауын» және «Адай» күйімен бастау алған флешмобтан соңы, шараның шымылдығын Мәдениет, тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ибраев Мирхат Мақсотұлы ашты. Кештің басты кейіпкері болған домбырамен бірнеше күйлер орындалып: Дәулеткерейдің «Көреғұлы», Т.Шәмеловтың «Қали мамен», Құрманғазының «Ерке сылқым», «Көңілашар», аспаптың сүйемелдеуімен «Оралым-асыл қазынам», Қадір Мырзаәлінің сөзіне жазылған «Қазақ халқын шетелдік қонақтарға таныстыруы», «Ұлы дала», «Мен қазақпын» әндері шырқалды.