«ҚР-дағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» туралы Заңына сәйкес аудан әкімі К.Жақыповтың 2018 жылғы 12 шілдедегі №199 өкімімен Теректі ауданының білім беру бөлімінің басшысы болып Жанаргүл Хусаинова тағайындалды.

Жанаргүл ЖЕҢІСҚЫЗЫ ХУСАИНОВА – 1973 жылы 7 желтоқсанда дүниеге келген. 1998 жылы А.С.Пушкин атындағы Батыс Қазақстан гуманитарлық университетін «тарих пәні мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын Алғабас негізгі орта мектебінде химия, биология пәндерінің мұғалімі ретінде бастаған. 

1994-2003 жылдар аралығында Донецк негізгі мектебінің дене шынықтыру, тарих пәндерінің мұғалімі боп қызмет атқарған. Сонымен қатар, 2003-2016 жылдар аралығында білім беру бөлімінің бас маманы, бөлім басшысының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарған. 2016 жылдан күні бүгінге дейін аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы боп жұмыс жасады. 

Білім беру бөлімінің жаңа басшысын ұжымға аудан әкімінің орынбасары Лауаз Уалиев пен аудан әкімі аппаратының басшысы Армат Байғазиев таныстырып, Жанаргүл Жеңісқызының жұмысына сәттілік тіледі.