2 тамыз күні Аудандық Достық үйінде ішкі саясат бөлімі мен «Әйел. Қоғам. Болашақ» бірлестігінің ұйымдастыруымен «Гендерлік теңдіктің дамуы және қалыптасу ерекшеліктері» тақырыбында семинар-тренинг өтті. 

Шараға аудан әкімінің орынбасары Алтай Тоқжанов, облыстық «Союз женщин Приуралья» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Әлия Райымқұлова және аудан тұрғындары қатысты.

Семинарда облыстан келген қонақ Әлия Болатқызы «гендерлік саясат» ұғымының мәнін түсіндіріп, әйелдердің басшылық қабілетін дамыту бағытында тренинг өткізді. 

Жиын соңында ұйымдастырушылар мемлекеттік қызмет пен үй тірлігін қатар алып жүрген белсенді жандарды сертификатпен марапаттады.