2 тамыз күні аудандық Достық үйінде медиация күні қарсаңында ішкі саясат бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Медиация – бейбітшілік пен келісім жолы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Жиында алғаш сөз кезегін алған аудандық сот төрағасы Марат Маликов кез келген дау-дамайды сотқа дейін реттеп, тараптардың ортақ мәмілеге келуіне үлес қосып жүрген ауданымыздың бетке ұстар медиаторларына алғыс айтты.

Аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Айнұр Нұрышева, Подстепный ауылдық округінің кәсіби медиаторы Зәуреш Шатикова және Аңқаты ауылдық округінің қоғамдық медиаторы Серікқали Туреалиев медиация бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар жөнінде баяндама оқыды.

Шара соңында аудан әкімінің орынбасары А.Тоқжанов медиаторларды келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтап, аудан әкімі К.Жақыповтың атынан Алғыс хатпен марапаттады.