Ағымдағы жылдың 2 тамызы күні Аудандық  Достық үйінде аудандық ішкі саясат бөлімі мен «Әйел. Қоғам. Болашақ» бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Шарада қоғамдағы өзекті мәселелер – тұрмыстық зорлық-зомбылық, отбасылық құндылықтар, ұрпақ тәрбиесі сөз болды.

Облыстан келген қонақ – ішкі істер департаментінің полиция майоры Шынар Капаева мен аудандық ішкі істер бөлімінің полиция майоры Сәуле Жиеналиева зорлық-зомбылықтың түрлері, заң жүзінде қандай шаралар қолданылатыны және алдын-алу тәсілдері жөнінде мағлұмат берсе, «Союз женщин Приуралья» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Әлия Райымқұлова мен «Әйел. Қоғам. Болашақ» бірлестігінің төрайымы Гүлмира Төлегенова ұлттық мүдде мен құндылықтар жайында әңгіме өрбітті.

Жиынға қатысушылар көкейіндегі сұрақтарын қойып, ұсыныстарын ортаға салды.