Теректі ауданы әкімі К.Жақыповтың 2018 жылғы 13 тамыздағы №231 өкімімен Рүстем Сейтонұлы МҮТИЕВ аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Рүстем Сейтонұлы - 1977 жылы дүниеге келген. Батыс Қазақстан аграрлық университетін "Зооинженер" мамандығы және М.Өтемісов атындағы БҚМУ "Жоғары кәсіби білімді химия және биология пәнінің мұғалімі" мамандығы бойынша бітірген. 

Еңбек жолын 2001 жылы "Чапаев" асылтұқымды зауытында техник ретінде бастаған. 

2013 жылдан - күні бүгінге дейін Шағатай ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған. 

Жаңа басшыны ұжымға аудан әкімінің орынбасары Алтай Тоқжанов таныстырып, Рүстем Сейтонұлының жұмысына сәттілік тіледі.