5 маусым күні Елордамыздың 20 жылдығы қарсаңында ауданда «Үздік жас отбасы – 2018» байқауы өтті. Оны «Іс үшін – За дело» ЖҚБ және аудандық мәдени-демалыс орталығы бірлесе ұйымдастырды.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзі жариялаған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұсынысына қолдау көрсетіп, 2018 жылдың 12 маусымы күні №699 жарлығына сәйкес биылғы жылдан бастап, шілде айының бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні боп белгіленді.

29 маусым күні Подстепное ауылындағы Мәдениет үйінде Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының, «Іс үшін» жастар қоғамдық бірлестігінің, «Әйел.Қоғам.Болашақ» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Жалынды жастар – Ұлт рухы» атты аудандық жастар форумы өтті. Аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Нұрсәуле Аткеева ашты. Форумға жастар жетекшілері, аудан жастары, «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен жұмыс жасап жатқан жас мамандар, жас кәсіпкерлер, белсенді жастар жиналды.

ҚР мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында бүгін ішкі саясат бөлімі қызметкерлерін бөлім басшысы Жанаргүл Хусаинова құттықтады.

Теректі ауданы бойынша "Мерейлі отбасы - 2018" ұлттық конкурсының облыстық кезеңіне жолдама алған отбасыларымыз облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша Дусеновтар отбасы (Покатиловка ауылдық округі) - "Еліне еңбегі сіңген отбасы", Ашыковтар отбасы (Ақжайық ауылдық округі) - "Білім көкжиегіне ұмтылған отбасы" номинацияларға ие болды.

Отбасы – мемлекеттің дұрыс қалыптасуының ең басты тірегі. Жарасымды жанұя мен ізгі қасиеттерге толы әулет қашан да көпке үлгі болуы тиіс. Осы мақсатта 2013 жылы Елбасы жарлығымен «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы жарияланған болатын.