06.06.2018 ж.

Ақсоғым ауылдық клубында 6 маусым күні Елбасы Н.НАЗАРБАЕВТІҢ "Болашаққа бағдар": "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Рухани қазына" кіші бағдарламасы аясында ұлттық ойындарды дəріптеу мақсатында, қазақ халқының ертеден қалыптасқан атадан- балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын- сауық түрлері туралы түсінік беру, мәдени құндылықтарымызды насихаттау, ұлттық ойынымызды жаңғырту мақсатында оңтүстік аймақ бойынша жастарға арналған ойын- сауықтық бағдарлама ұйымдастырылды. "Қазақтың ұлттық ойындары - халқымыздың мəдени асыл мұрасы" деп аталған аталмыш шараға Ақжайық, Шағатай, Сарыөмір көршілес елді мекендерден келген жастар қатысты.

Шараның мақсаты - мəдени - құндылықтармызды насихаттау, ұлттық ойынымызды жаңғырту, ұмытылып бара жатқан ұлттық ойынымызды жастар арқылы қайтадан жаңғыртып көрсету болды. Жарыс өте тартысты қызықты өтті. Бүгінгі таңда ұмытылып қалған ұлттық ойындарымыз «Ақшамшық» (сақина салу), «Белбеу тастау», «Сиқырлы таяқ», «Ақсүйек» ойындар ойнатылды. Ойындардың шарты бойынша жеңіліс тауып, өнер көрсеткен қатысушылар барлығы дерлік шетінен өнерлі, бірі би билесе, бірі əн айтып, бірі спорттық ойындарды көрсетті. Ойындар арасында көпшіліктің ерекше қошеметіне бөленіп, өзіміздің ұлттық ойынымыздың қашанда мәнін жоғалтпайтынын, бүгінгі таңда қайта жаңғыртып, той - думанның көркін қыздыруға болатынын дәлелдегендей болған "Таяқ тастау" мен "Ақсүйек" ойыны болды.