14.06.2018 ж.

Қазағымның "Төріңнен қарт кетпесін" деген ғибратты сөзін бас етіп, "Рухани жаңғыру" бағдарламасының шеңберінде Астанамыздың 20 - жылдығына орай ұйымдастырылып отырған бұл шарапатты істің шапағатын көріп отырған ардагерлеріміздің бүгілген беліне сүйеу болу,құрметтеу, сыйлау үлгісі.

Зейнет жасына қарамастан еліміздің мәдениетіне үлес қосып, өскелең ұрпаққа үлгі болып, сахнаның сәнін ашқан, жарық қосқан әжелер ұжымына мың алғыс! Біздің ауылдың намысын қорғаған ақ жаулықты әжелер "ЯПУРАЙ" ансамбілі жүлделі 1-орынды қанжығаға байлап, облысқа жолдама алды! Алпыстың белесінен асып, жетпістің жетегінде жүрген үлкен кісілерімізге өлеңнің сөзін жаттап, саханада белдері мен аяқтары ауырғанына қарамастан сахна мәдениетін ұстанып, күллі көрерменнің алдына шығып, шығарманы ұмытпай, әуен ырғағына ілесіп орындап шығу оңай шаруа емес! Бұл - еңбек, жігер, батырлық! Арқа сүйер асқар тау, жанашыр, ақылы дария ақылмандарымызға облыста сәттілік тілейміз!